Қосалқы құрамда жүрген Абат Айымбетов түркиялық клубтың капитаны болды
Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Абат Айымбетов түркиялық "Адана Демирспор" командасының капитаны ретінде жасыл алаңға шықты,- деп хабарлайды dopmedia.kz
"Адана Демирспор" клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында әзербайжандық "Сумгайыт" клубымен жолдастық кездесу өткізді. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
Айта кетейік, Айымбетов түркиялық клубқа ақпанда ауысты. Футболшы клубпен 1,5+1 жүйесі бойынша келісімшартқа отырған болатын.