«Ордабасының» бапкері команданың Чемпиондар лигасынан шығып қалу себебін айтты
«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Александр Седнев клубтың Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде жеңіліп қалғанына қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды dopmedia.kz
10 шілде күні молдовалық «Петрокубпен» тең ойын өткізген шымкенттік «Ордабасы» қарымта ойында 0:1 есебімен есе жіберді.
"Екі команда да шабуылдады. Біз қателестік. Қорғаныстағы қателігіміз қарсыластың шабуыл жасауына мүмкіндік берді. Кейбір кезде асығып кеттік, ал кейбір кезде дайындық пастары тым көп болды. Біз қаптал арқылы ойнай алмадық, допты айып алаңына дейін сирек жеткіздік. Біз допға иелік еттік, бірақ өткірлігіміз жеткіліксіз болды", - деді Седнев
Осылайша «Ордабасы» клубы Чемпиондар лигасынан шығып қалды. Енді команда Конференция лигасының іріктеу кезеңінде ойнайды