«Мен әлі зейнетке шықпадым» – Головкин

Геннадий Головкин өзінің шаршы алаңға қайта оралуына қатысты мәлімдеме жасады

Бүгінгі күні Ұлттық Олимпиада комитетін басшысы ретінде қызмет етіп жүрген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин рингке оралуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды dopmedia.kz

"Жоқ, мен зейнетке шықпадым. Қазір отбасыммен бірге уақыт өткізудемін. Иә, жаңа жұмысым бар. Сонымен қатар,  спортпен де уақытылы шұғылданып жүрмін. Бірақ, ешқашан бокстан кететінімді айтпадым. 

Мен үшін, өмір- бұл сәт. Егер де шаршы алаңға оралатындай мүмкіндік туса, қуана-қуана ел намысын қорғаймын"- деді GGG. 

42- жасар боксшы соңғы рет 2022 жылы Сауль Канело Альвареспен күш сынасқан болатын. 

Кәсіби мансабында Головкин 42 рет жеңіске жетіп, 37 рет қарсыласын нокаутқа жіберіп, 2 жеңіліс тапқан болатын. 

    Көп оқылды: