Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC чемпионымен күш сынасады UFC

Леон Эдвардс жекпе-жек күнін асыға күтіп жүр

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Леон Эдвардс қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен бір алаңда кездескісі келетінін айтты,- деп хабарлайды dopmedia.kz 

Эдвардстың Беллал Мухаммадке қарсы жекпе-жек конференциясы кезінде, тілшілер Эдвардстан Шавкатқа қатысты сұрақ қойды. Британдық файтер бұл сұраққа "Келесі қарсыласым Шавкат болып қалуы әбден мүмкін",- деп жауап қатты. 

Айта кетейік, Рахмонов қазіргі уақытта жарақаттарынан айығып, отадан кейін өз-өзіне келуде.