WBO және IBF нұсқалары бойынша бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
Әлімханұлы ауыр салмақтағы боксшылармен күш сынасып, шаршы алаңда мексикалық Сауль Канело Альвареспен және Девид Бенавидоспен кездескісі келетінін айтты. Бұл туралы dopmedia.kz хабарлайды.
«Біздің белбеулеріміз бар. Оны қорғау үшін бар күшімізді саламыз. Біз кез келген уақытта, кез келген шайқасқа дайынбыз. Қажет болса, екінші орта немесе жартылай ауыр салмаққа өтіп, Канело немесе Бенавидеспен жұдырықтасатын боламыз», - деді Kazakh Style
Айта кетейік, қазақстандық боксшы 14 шілде күні Андрей Михайловичпен жекпе-жек өткізуі керек болатын. Алайда, денсаулығының күрт нашарлағанына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.