Олимпиадаға қатысатын балуанға жерлестері көлік сыйлады (видео) instagram.com/kartbaymeyrambek

Балуан Мейрамбек Қартбайға жерлестері көлік сыйлады

Париж Олимпиадасына қатысатын еркін күрес шебері Мейрамбек Қартбайға жерлестері көлік сыйлады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Ақтөбе облысы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының мәліметінше, балуан Мейрамбек Қартбайға көлік сыйлап, спортшының бапкерлеріне де сый-құрмет көрсеткен.

Айта кетелік, 2023 жылы әлем чемпионатында Мейрамбек Қартбай бесінші орын алып қалған болатын. Олимпиада лицензиясы үшін кездесуде ресейлік спортшы Заур Угуиевтен жеңіліп қалды. Бірақ Ресей құрамасының балуандары Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқаннан кейін Олимпиада жолдамалары қайтадан үлестірілді. Осылайша Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Қазақстандық балуан Париждегі бәсекеде 57 кг салмақта белдеседі.

26 шілдеде басталатын Олимпиада ойындарында еркін күрестен 4 спортшы ел намысын қорғайды. Олар: Мейрамбек Қартбай (57 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Әлішер Ерғали (97 кг) және Юсуп Батырмұрзаев (125 кг).