Джастин Корнехо 20 жасында қайтыс болды
Эквадорлық "Барселона" футбол клубының ойыншысы Джастин Корнехо 20 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Эквадорлық Primicias порталының мәліметінше, футболшы басын соғып, есінен танып қалған. Кейін ол ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды.
"Барселона" футбол клубының X желісіндегі ресми парақшасында футболшының өліміне қатысты жазба жарияланды.
"Ешқандай сөз біз дәл қазір сезініп жатқан ауыртпалықты емдей алмайды. Оның бәрімізге қалдырған естелігі бізге күш береді. Джастин, сен әрқашан біздің жүрегімізде боласың. Жатқан жерің жайлы болсын. Біз сені жақсы көреміз," – делінген хабарламада.
Қайғылы жағдайға қарамастан, "Барселонаның" Оңтүстік Америка кубогындағы ойыны кейінге шегерілмеді. Эквадорлық команда өз алаңында бразилиялық "Ред Булл Брагантино" клубын қабылдап, матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойын кезінде футболшылар мен жанкүйерлер Корнехоны еске алу шарасын өткізді.
Джастин Корнехо "Барселонаның" түлегі еді, бірақ негізгі командада ойнап үлгермеді. Дегенмен, футболдан Эквадор жастар командасының құрамында бір матч өткізген болатын.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)
-
24 қазан, 2024
Оқушы қыздар мұғалімді аямай соққыға жықты (видео)