ФИФА рейтингі жаңарды: Қазақстан қай орынға тұрақтады? kff.kz

Қазақстан ФИФА рейтингінде 109-орында тұр

ФИФА әлемнің футболдан ерлер құрамалары арасындағы жаңартылған рейтингті ұсынды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бұрынғы орнын сақтап қалды. Қазір ұлттық құрама 109-орынға жайғасты.

Ал рейтингтің көшбасшысы – биылғы Америка кубогының чемпионы Аргентина құрамасы.  Тізімнің одан кейінгі сатысында Франция құрамасы келеді. Ал 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанған Испания үздік үштікті түйіндеп тұр.

ФИФА рейтингі:

1 (1). Аргентина – 1901.48
2 (2). Франция – 1854.91
3 (8). Испания – 1835.67
4 (5). Англия – 1812.26
5 (4). Бразилия – 1785.61
6 (3). Бельгия – 1772.44
7 (7). Нидерланды – 1758.51
8 (6). Португалия – 1741.43
9 (12). Колумбия – 1727.32
10 (10). Италия – 1714.29
...109 (109). Казахстан – 1193.62