"Ордабасының" бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін instagram/fc__ordabasy

Александр Седнев «Ордабасыдан» кетуі мүмкін

Александр Седнев шымкенттік "Ордабасы" клубының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде шымкенттік "Ордабасы" клубы бюджеті 15 есе аз молдовалық "Петрокубтан" (0:1) жеңіліп қалған болатын.

Дереккөздің мәліметіне сүйенетін болсақ, бас бапкер Александр Седнев жақын арада шымкенттік клубтың бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін.

Александр Седнев "Ордабасын" клубын 2021 жылдан бастап баптап келеді. Оның басшылығымен шымкенттік ұжым 2022 жылы Қазақстан кубогын жеңді және алғаш рет ел чемпионы атанды.

    Көп оқылды: