Роналдиньо "Барселонаның" жаңа формасын таныстырды (видео) Фото ашық дереккөзден

«Барселона» жаңа маусымға арналған формасын көрсетті

Бразилия құрамасының және "Барселона" футбол клубының экс-ойыншысы Роналдиньо клубтың 2024/2025 жылғы маусымға арналған жаңа формасын таныстырды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі клубтың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Каталониялық клубының техникалық демеушісі әлі күнге дейін америкалық Nike компаниясы. Форманың түсі бұрынғы дәстүрлі қызыл-көк түсін сақтаған. "Барселонанын" ресми сайтында жаңа форманың дизайны 1899 жылғы клубтың киім үлгісіне сай жасалғаны айтылған.

Бейнежазбада Роналдиньодан басқа Андрес Иньеста, Карлес Пуйоль секілді "Барселонаның" басқа да аңыздары түскен.

Сондай-ақ Пау Кубарси, Роберт Левандовский, Рональд Араухо, Педри, Фермин, Гави, Бальде, Рафинья, Ямал секілді қазіргі ойыншыларды да бұл видеодан кездестіруге болады.