Жанкүйерлер Нико Уильямстың трансфері үшін Tiktok-та ақша жинауда (фото) x.com/SEFutbol

«Барселона» жанкүйерлері Нико Уильямсты команда қатарынан көргісі келеді

"Атлетик Бильбао" клубының ойыншысы Нико Уильямсты "Барселонаның" жанкүйерлері өз командасының қатарына қосып алудың жаңа амалын ойлап тапты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Tiktok желісінде пайда болған бұл мәселе Ламин Ямальдың алдағы маусымда 19-нөмірлі жейдемен өнер көрсететіні туралы жарияланған видеодан кейін жалғасын тапты. 

"Барселона" жанкүйерлері бейнежазба астындағы хабарламаға донат жібере бастады. Сондай-ақ пікірлер бөлімінде "Нико Уильямс керек", Нико Уильямсты сатып алыңдар" деп жазылған хабарламалар өте көп. Осылайша, "Барселона" футбол клубының жанкүйерлері Еуро-2024 турнирінде жасындай жарқылдаған футболшыны өз командасынан қатарынан көргісі келетінін айқын аңғартып отыр.

Transfermarkеt порталының мәліметіне сүйенетін болсақ, Нико Уильямстың трансферлік құны 70 миллион еуроға бағаланады.