Австрияны жеңген түріктер ширек финалда

Ең жылдам гол салып, рекорд жасады.

 Түркия құрамасы Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Австрия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, ЧЕ-2024 ширек финалына өтті. Ойын Лейпцигтегі стадионда өтті.

Австриялықтар қақпасына екі голды Түркия құрамасының қорғаушысы Мерих Демираль соқты, ол ойынның 1-ші және 59-шы минуттарында гол соқты. 66-шы минутта Австрия құрамасы есеп айырымын азайтты – шабуылшы Михаэль Грегорич есепті өзгертті.

Ширек финалда Түркия құрамасы Нидерланды командасымен кездеседі, ол бүгін Мюнхендегі стадионда Румынияны жеңген. Сондай-ақ, ширек финалға Германия, Англия, Испания, Франция, Португалия және Швейцария құрамалары да шықты.