Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы "Қайраттан" кетті АФК Кайрат

Арнольд Кнауб алматылық ұжыммен қош айтысты

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб өткен аптада алматылық "Қайрат" клубынан кетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Алматылық клубтың баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенетін болсақ, Арнольд Кнауб "Қайраттан" келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты кетті.

Арнольд Кнауб 2023/24 жылғы маусымының ортасында "Қайратқа" ауысып, клубқа ел чемпионатының күміс жүлдегері атануға көмектесті. Ол 39 матч өткізіп, 21 гол соғып, 14 пас берді.