Биылғы "Golden Boy" жүлдесін кім еншілейді? Sören Stache/picture alliance via Getty Images

Ахмет Қанатұлы

22 шілде, 2024

90

«Golden Boy» жүлдесіне басты үміткерлер тізімі шықты

Беделді 90min басылымы 2024 жылғы "Golden Boy" жүлдесіне басты үміткерлер тізімін ұсынды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

90min басылымы Instagram желісіндегі ресми парақшасында 2024 жылғы "Golden Boy" жүлдесіне басты үміткер 10 ойыншының рейтингін түзді. Бұл тізімде Испания құрамасы мен "Барселона" клубының футболшысы Ламин Ямаль көш бастап тұр.

"Golden Boy" жүлдесіне үміткерлердің ондығы:

  1. Ламин Ямаль – "Барселона" (17 жас);
  2. Уоррен Заир-Эмери – "ПСЖ" (18 жас);
  3. Алехандро Гарначо – "Манчестер Юнайтед" (20 жас);
  4. Кобби Майну – "Манчестер Юнайтед" (19 жас);
  5. Пау Кубарси – "Барселона" (17 жас);
  6. Савио – "Жирона" (20 жас);
  7. Лени Йоро – "Лилль" (18 жас);
  8. Арда Гюлер – "Реал Мадрид" (19 жас);
  9. Жоау Невеш – "Бенфика" (19 жас);
  10. Александар Павлович – "Бавария" (20 жас).

Айта кетелік, "Golden Boy" жүлдесі еуропалық клубта өнер көрсететін 21 жасқа толмаған үздік ойыншыға беріледі.