Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде топ жарды
Қостанай қаласында Орал және Қорған Айтеновті еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнир өтті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бәсекеде 2006 және 2007 жылы туған боксшылар бақ сынасты. Турнир нәтижесі бойынша қазақстандық жас боксшылар жеті алтын медаль еншіледі.
Атап айтар болсақ, Халит Бекетов (48 кг), Алмас Нұрлан (54 кг), Ерхан Оңталапов (57 кг), Бекжан Тлебалды (71 кг), Арыстан Нұрмагамбет (75 кг), Ілияс Жандау (80 кг) және Аслан Елдібайұлы (92 кг) аталмыш турнирдің жеңімпазы атанды.
Сондай-ақ Тәжікстаннан келген үш спортшы алтын медальді қанжығасына байлады. Олар: Дамир Муйбалихонов (60 кг), Руслан Гафуров (63,5 кг) және Идрис Ильназаров (92+ кг).
Сонымен бірге Өзбекстан құрамасында екі, Қырғызстан құрамасында бір алтын жүлде бар.