Қазақстандық қақпашы ҚХЛ клубының қатарын толықтырды shaiba.kz

Қазақстандық қақпашы ҚХЛ клубымен келісімшарт жасасты

Шайба.kz сайтының мәліметіне сүйенетін болсақ, қазақстандық қақпашы Руслан Какенов "Адмирал" хоккей клубымен алғашқы қаралым мақсатында келісімшарт жасасты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Бұған дейін қақпашы "Снежные Барсы" клубында қаралымда болды.

Өткен маусымда 19 жастағы хоккейші "Ястребы" құрамында Қазақстан жастар лигасының тұрақты чемпионаты аясында 34 матч өткізді.