Халықаралық Олимпиада комитеті ІВА-ны федерациялар тізімінен алып тастады
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Халықаралық бокс қауымдастығын (ІВА) мойындалатын федерациялар тізімінен алып тастады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл шешім Халықаралық Олимпиада комитетінің Парижде өткен 142-сессиясында қабылданды. ІВА-ны 2020 жылдан бері ресейлік Умар Кремлев басқарады.
Халықаралық Олимпиада комитеті 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарына ІВА-ға мүше елдердің бокс командаларын қатыстырмау жөнінде шарт қойып отыр. Енді алдағы уақытта әрбір елдің бокс федерациясы World Boxing-ке мүше болуы қажет.