2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола алқа иегері, UEFA-2013 кубогының жеңімпазы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Николай Пенгрин Sports.kz сайтына берген сұхбатында Лео Игитаның “Қайраттан” “Семейге” ауысуына қатысты өз пікірін білдірді.
«Әр ойыншы өзінің кәсіби мансабын шыңға жеткізгісі келеді. “Семей” қазақстандық паспорты бар Игитаны өзіне алуымен қатар үлкен жетістікке қол жеткізіп отыр. Өз қақпашылары да осал емес еді, ал енді бұрыңғыдан да жақсы нәтиже көрсетеді»-дейді маман.
Айта кетейік, бразилиялық Лео Игита “Қайраттың” қақпасын он үш жыл бойы қорғаған. Ол әлемнің ең үздік қақпашысы ретінде бес рет танылған болатын.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)
-
24 қазан, 2024
Оқушы қыздар мұғалімді аямай соққыға жықты (видео)