ФК «Астана»: 100 миллион теңгелік трансфер instagram: @fca.astana

«Астана» футбол клубы нигериялық шабуылшы Чинеду Джеффримен 2,5 жылға келісім-шарт жасасты.

193 сантиметрлік бойы бар футболшы бұған дейін албаниялық “Бесаның” қатарында ойнап, солтүстік Македонияның “Работнички” клубында қарсылас қақпаға 12 соққы жасаған. Сонымен қатар, Джеффри Финляндия чемпионатында “Лахти” футбол клубының намысын қорғап, 19 голмен ерекше көзге түскен. 

Transfermarket нигериялық ойыншының трансферін 200 мың еуроға (100 миллион теңге) бағалап отыр.