Аргентина ұлттық құрамасының бас бапкері сын білдірді
Париж Олимпиадасының алғашқы аптасында футболдан Аргентина ұлттық құрамасы марокколықтарға 1:2 есебімен есе жіберді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Ойынның 106-минутында Маскераноның тәрбиеленушілері есепті 2:2 етіп теңестірген болатын. Алайда, қарсылас қақпаға соғылған соққыдан кейін трибуналарда жанжал шығып, соңы төбелеспен аяқталған екен. Нәтижесінде, аргентиналықтардың соққысы есепке алынбады.
«Бізді кеше әбден тонады. Тьяго Алмаданың жеке заттарын ұрлап кетті. Құжаттарымызды үтір-нүктесіне дейін тексергенде сондай, танықтан жауапкершіліктері осы ма? Жанкүйерлер ойын барысында 7 рет алаңға шығып, біздің тарапымызға петардаларды лақтырды.
Бізге ойын нәтижесі 2:2 деп хабарлады. Біз де, Марокко да ойынды жалғастырғымыз келген жоқ. Біз Олимпиада ойындарында жүрміз бе әлде аудандық деңгейдегі шарада ма? Мұндай нәрсенің орын алуына жол берілмеу керек еді»,- деп сын тақты Маскерано.