Ұлттық құрама Париж Олимпиадасы қарсаңында соңғы оқу-жаттығу жиындарын тамамдады.
Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановтың сөзінше жігіттер оқу-жаттығу жиындарын жоғары деңгейде өткізді.
«Біздің боксшыларымыздың жаттығулары жоғары деңгейде өткенін атап өтуге болады. Барша жігіттер жаттығу жоспарын сәтті орындап шықты. Бастысы бәрі аман-сау, ешкімнің жарақаты жоқ»
Қазіргі уақытта спортшыларымызға демалыс бердік. Үйлеріне жібердік. Алайда жақын уақытта қайта басымыз қосылады. 9 шілде мен 20 шілде аралығында Түркістан қаласында соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз»,-дейді Айтжанов.