Паралимпиада-2024: Ел намысын кімдер қорғайды? paralympic.kz

Ерекше жандар арасындағы жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек арасында өтеді

Францияның астанасы Париж қаласында Паралимпиада-2024 ойындары 28 тамыз  бен 8 қыркүйек аралығында өтеді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

Бұл жолы Қазақстан құрамасында спорттың 9 түрінен 33 жолдама бар. 

Нақты атап өтетін болсақ, пара дзюдодан 10, пауэрлифтингтен 5, пара жеңіл атлетика, жүзу және таеквондодан төртеу бар. Ал пара каноэ мен оқ атудан 2 лицензиядан, отырып ойнайтын волейбол мен үстел теннисінен бір-бір жолдамадан бар.

2020 жылы Токиода өткен соңғы Паралимпиада кезінде спортшыларымыз ел қоржынына 5 медаль, яғни 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль салған болатын. 

 

    Көп оқылды: