Елдос Сметов Олимпиаданың финалына шықты Harry How/Getty Images

Елдос Сметов жартылай финалда әлем чемпионын жеңді

Париж Олимпиадасы аясында өтіп дзюдо бәсекесінде Елдос Сметов жартылай финалда жеңіске жетті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

60 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Елдос Сметов жартылай финалда испаниялық Франциско Гарригостан басым түсті. Осылайша Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалында белдеседі. Отандасымыз финалда франциялық дзюдошы Лука Мхедземен кездеседі.

Ал әйелдер арасында 48 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова қола жүлдеге таласады. Ол қола жүлдеге таласта швециялық Тара Бабулфатпен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, Елдос Сметов бұған дейін екі Олимпиада цикліне қатысқан. 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында күміс еншілесе, 2021 жылғы Токио Олимпиадасында қолаға қол жеткізген болатын.