Әбиба Әбужақынова қола жүлдеге тартыста есе жіберіп қойды
Париж Олимпиадасы аясында өтіп дзюдо бәсекесінде Әбиба Әбужақынова жеңіліп қалды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Әйелдер арасында 48 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Әбиба Әбужақынова қола жүлде үшін тарыста швециялық дзюдошы Тара Бабулфатпен кездесті. Тартысқа толы бұл белдесуде қазақстандық дзюдошы швециялықтан айласын асыра алмады, нәтижесінде Париж Олимпиадасының қоласына қол жеткізе алмады.
Естеріңізге сала кетейік, 60 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Елдос Сметов жартылай финалда испаниялық Франциско Гарригостан басым түскен болатын. Осылайша Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалында франциялық дзюдошы Лука Мхедземен кездеседі.
-
16 қыркүйек, 2024
Қазақ көкпаршылары Қырғызстанға бара ма: қазақтар жауап берді
-
16 қыркүйек, 2024
Қырғыз көкпаршылары қазақтарды өз жеріне шақырып жатыр
-
13 қыркүйек, 2024
Көкпардың арты “жұмыртқа дауына” ұласып кеткен жоқ па?