ПАРИЖ-2024: Қазақстан тізімде нешінші орында тұр? Ашық дереккөзден алынған

Ел қоржынында алғашқы алтын мен қола бар

Париж Олимпиадасында Елдос Сметов елімізге алғашқы алтын сыйлады. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды. 

Бірінші «алтынның» арқасында Қазақстан Олимпиадада медальдық есепте екінші орынға көтерілді: құрама бір алтын және бір қола медальі бар Бельгия және Жапониямен екінші орынды бөлісіп тұр. Бірінші орында тұрған Қытайдың еншісінде екі алтын медаль бар.