Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады akorda.kz

Мемлекет басшысы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

"Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі!", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж татамиіндегі доданың финалында франциялық дзюдошы Лука Мхеидземен кездесті. 60 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде Елдос Сметов 1:0 есебімен жеңді. Осылайша, Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанған болатын.