«Мүмкін емес нәрсе жоқ» — Елдос Сметов Ашық дереккөзден алынған

Қазақстандық дзюдошы жеңістен кейінгі қуанышымен бөлісті

Қазақстан дзюдо құрамасының балуаны Елдос Сметов жарыстан кейін пікір білдірді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz.


"Мүмкін емес нәрсе жоқ. Соған көзім жетті. Егер ниет болса, бәрін де жеңуге болады. Бәрі де қолдан келеді екен.

Жақсылық Үшкемпіров атамыздың арманы орындалып, жекпе-жек түрлерінен қазақтан Олимпиада чемпионы шықты. Өте қуаныштымын!

Өзімнің үшінші мүмкіндігімде чемпион атандым. Бұған дейін күмісті де, қоланы да алдым. Әлем чемпионы атандым. Халқымды қуантудан  артық бақыт жоқ",-  деді Сметов.

Айта кетейік, Елдос Сметов- Қазақстан қоржынына алтын салған алғашқы спортшы