Дзюдошы жүлдеге бір табан жақындады
Париж Олимпиадасының дзюдодан ерлер арасында 66 кг дейін салмақ дәрежесінде Ғұсман Қырғызбаев ширек финалдық белдесуін өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Ол 1/4 финалдық кезеңдегі бәсекеде франциялық Валид Хярадан айласын асырып, "иппон" әдісімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық дзюдошы жартылай финалға шықты.