Қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы тарихты қайталамақшы olympic.kz. Суретте: Ризабек Айтмұхан

Еркін күрес шебері чемпион атанбақшы

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда ол америкалық Джастин Ли Радемахерді 9:1 есебімен сенімді түрде жеңді.

Алтын жүлде үшін шешуші жекпе-жекте Ризабек Айтмұхан Әзірбайжан өкілі Хетаг Карсановпен кездеседі. Бұл кездесу 7 қыркүйекте өтеді.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылы Сербияның Белград қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында да алтын жүлде иеленген болатын. Бұл жүлде Қазақстанның еркін күрес тарихындағы ең жоғары дәрежедегі алғашқы алтын медаль еді.