«Бәрің шұбырып не бітіріп жүрсіңдер?» –Сәрсекбаев Фото: b.sarsekbayev

Пекин-2008 Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қазақстандық боксшыларға қатысты пікір білдірді

Париж Олимпиадасы басталған сәттен осы күнге дейін үш боксшымыз жеңіліс тапты. Пекин-2008 ойындарының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қазіргі жағдайға қатысты өз пікірімен бөлісті,- деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

– Жігіттердің физикасы өте нашар! Екінші раундта демалыстары қиындап, әрең жүр рингте. Ударлары аз. Комбинация ударов тіпті аз. 3 минутта қанша удар жаудыруға болады?! Физикасымен айналысуға арнайы шақыртылған кубалық маман қайда қарап жүр? Целая научная группа қайда? Неге біздің боксерлар демі жетіспей жүр? Үш раунд аяқта тұра алмайды. Не істеп жүрсіңдер шұбырып бәрің? Бірінші бойдан өте алмады деген не сұмдық??? Бір сұрақ: әрбір боксер лицензия алғаннан Олимпиадаға дейін неше бой өткізді? Практика бар ма? Мысалы, мен жарты жылда 22 бой өткіздім. Бас бапкерге айтатын сөзім жоқ тіпті, – дейді ол.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарындағы жолын бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов, Махмуд Сабырхан және Қамшыбек Қоңқабаев аяқтады. Әйелдер арасынан Валентина Хальзова бар. 

Қазіргі таңда Олимпиада жолын жалғастырып жүргендер: Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы және Сәкен Бибосынов. Әйелдер арасынан Назым Қызайбай және Карина Ибрагимова бар. 

 

    Көп оқылды: