«Қаным ағып, ауа жұта алмай қалдым» – Екатерина Хальзова olympic.kz

Қазақстандық боксшы Олимпиададағы жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады

Екатерина Хальзова 75 келі салмаққа дейінгі жекпе-жекте сынға түсіп, жеңіліс тапты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

"Екі раунд бойы жақсы нәтиже көрсеттім. Үшінші раундта да жақсы келе жатқан едім, бірақ болмай қалды. Төрешілер жайында еш нәрсе айта алмаймын. Солай болу керек болған шығар. Қарсыласым- Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы, тәжірибелі маман. Алпыс пайызға жуық тактикамды орындадым. Екінші раундтың басында басымнан соққы жасады. Екі раунд бойы қаным ағып, дұрыс ауа жұта алмадым. Әділ шешім бе? Болған іс болды, бояуы сіңді. Әрине жаныңа ауыр тиеді. Қаншама еңбектің нәтижесі осылай аяқталса. Қазақстанның әнұраны әлі талай Олимпиададан еститінімізге сенемін." 

Айта кетейік, бүгінгі Қазақстан құрамасының қолында үш медаль бар: Дзюдодан Елдос Сметовтың алтыны мен Ғұсман Қырғызбаевтың қоласы және стенд атудан жұптық сында өнер көрсеткен Александа Ле мен Ислам Сәтпаевтың қоласы. 

    Көп оқылды: