Қазақ қызы Америка чемпионын ойсырата жеңді Фото ашық дереккөзден

Назым Қызайбай келесі кезеңге жолдама алды

Париж Олимпиадасы аясында өтіп жатқан бокс бәсекесінде Назым Қызайбай кездесу өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының 1/8 финалдық кезеңінде қазақстандық боксшы Назым Қызайбай бразилиялық Каролайн Барбоза де Алмейдамен кездесу өткізді.

Каролайн Барбоза де Алмейда 2023 жылы Чилиде өткен Панамерика ойындарында алтын медаль жеңіп алған.

Назым Қызайбай ширек финалда 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері колумбиялық Ингрит Валенсиямен кездеседі.