Қазақ боксшысы жүлдеден шет қалды Фото ашық дереккөзден

Айбек Оралбай жартылай финалға шыға алмады

Париж Олимпиадасы аясында өтіп жатқан бокс бәсекесінде Айбек Оралбай кездесу өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының ширек финалдық кезеңде қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Әзірбайжан елінің өкілі Лорен Альфонсо Домингеске қарсы кездесу өткізді. Үш раундтың нәтижесінде қазақстандық боксшы 2:3 есебімен жеңіліс тапты.