Айбек пен Нұрбек Оралбай жайлы қызықты деректер
Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының ширек финалына шығып, нәтижелі жекпе-жек көрсетіп жүрген егіз ағайындылар Айбек және Нұрбек Оралбай жайлы не білеміз? Олар бокстағы спорттық мансабын қалай бастады?
SportX.kz сайтының деректеріне сүйенсек, ағайынды жігітердің боксқа деген қызығушылығын алғаш рет әкелері ашқан екен. Айбек пен Нұрбектің бірінші жаттықтырушысы- Асқар Еркебаев болған.
"Алғаш жаттығу залына келгенімізде бапкер бауырым екеумізге қарап әлем чемпионы болатынымызды болжаған еді. Нәтижесінде өз сөзін іске асырды",- дейді Айбек.
Егіздердің бала кезінде әкелері еркін күреске бермекші болған. Алайда, өмір сүрген аймақтарында бұл спорт түрінен секция болмағаны үшін, жігіттер бокспен айналысып бастаған.
Бокс саласында күш сынасып жүргендеріне 16 жыл болған ағайындыларды көбісі тіпті шатастырады екен.
Мен інімнен тек 5 минутқа үлкенмін. Бұрындары бізді көбісі шатастыратын. Бірақ, қазір мен інімнен қарағанда 10 келі жоғары салмақта күш сынасамын. Бір-бірімізге қарсы жұдырықтасып көрмеппіз, бірақ жаттығу кезінде сырттан көрген қателіктерімізді талқылап, бірімізге біріміз тірек боламыз"
Бала кездерінде де тыным таппаған қос бауырлар, кейде бір-бірінің орынына рингке де шыққан екен.
Кішкентай кезімізде мен ауырып қалып, әлсіреп жататынмын. Сол уақыттары Нұрбек менің орыныма рингке шығатын. Бір қызығы, бұл әрекетімізді ешкім байқамайтын. Тым қатты ұқсағанымыздан болар...
Айта кетейік, бүгінгі күні ел намысын қорғап, Қазақстан бокс федерациясының атынан ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбай Париж Олимпиадасына қатысуда.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)
-
24 қазан, 2024
Оқушы қыздар мұғалімді аямай соққыға жықты (видео)