«Astana Qazaqstan Development Team» шабандозы Ильхан Достиев Италиядағы көпкүндікте екінші орынға ие болды
Достиев көпкүндік жарысты Монблан қаласында бастап, үшінші кезеңде денсаулығы күрт нашарлағаны үшін лидерлік орынын айырылып қалды. Бірақ, соңғы екі кезеңде үздік нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Италиядағы жарыс мен үшін сәтті басталды. Алайда, үшінші күні тамаққа қатысты жайсыздықтар туындап, әжептәуір уақыт жоғалтып алдым. Келесі күні жоғалтқан уақытымның орынын алмастырып, рейтингте көтерілдім. Бүгін соңғы кезен өтті. Екінші орын алып, жарысты сәтті аяқтағаным мені қуантады" - деді Достиев.