«Оңайлықпен келмеген жеңіс» — Макаренко ФК «Ордабасы»

ФК «Ордабасы» жартылай қорғаушысы жеңістен кейін пікір білдірді

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының жартылай қорғаушысы Евгений Макаренко люксембурлық «Дифферданжды» ойсырата жеңгеннен кейінгі эмоциясымен бөлісті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

«Сөзсіз оңайлықпен келмеген жеңіс. Ең бастысы- жеңіске жеттік және келесі кезеңге жолдама алдық. Жанкүйерлеріміз бен күллі қазақ халқына қуаныш әкелдік. Қазақстандық командалардың ұпай жинап, жетістікке жетуі өте маңызды. Сезімдерім бе? Шынымды айтсам, қуаныштан басым айналып тұр. Жеңісті ерте бастан алу керек едік, Құдайға шүкір ойын біздің пайдамызға аяқталды. Ойынға қатысты қорытындыларды әлі жасаймыз. Қателіксіз футбол болмайды»,- деді Макаренко. 

Айта кетейік, кеше түнде УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында шымкенттік "Ордабасы" клубы люксембургтік "Дифферданж" клубына қарсы кездесу өткізіп, жеңіске жеткен болатын.