Қазақстандық семсерлесушілер жеңілсе де, миллионер атанды olympic.kz

Қазақстандық семсерлесушілер 6-орын алды

Париж Олимпиадасы аясында өткен командалық сында қазақстандық семсерлесушілер 5-орынға таласта Италия құрамасымен сынға түсті. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

Шпагамен семсерлесуден Қазақстанның ерлер командасы 5-орынға таласта Италия спортшыларымен шеберлік байқасты. Нәтижесінде қазақстандық спортшылар 45:36 есебімен жеңіліс тауып, 6-орынды місе тұтты. 

Айта кетейік, Олимпиадада 6-орын алған спортшыға еліміз – 5 мың АҚШ доллары (шамамен 2,3 миллион теңге) көлемінде сыйақы тағайындаған.