Боксшы Нұрбек Оралбай жүлдеге ілікті Фото ашық дереккөзден

Қазақ боксшысы ширек финалда жеңіске жетті

Париж Олимпиадасы аясында бокс бәсекесінде 80 кг сынға түскен Нұрбек Оралбай ширек финалдық кездесуін өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай ширек финалда әзірбайжандық Мұрат Аллахбердиевке қарсы жұдырықтасты. Үш раундтың нәтижесінде Нұрбек Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. 

Жартылай финалға іліккен боксшы ең кем дегенде қола медаль алады.