Қазақстандық боксшы жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы жеңілістен соң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
"Өкінішке қарай, басты қарсыласымнан жеңіліп қалдым. Осы ойындарға алтын үшін келіп едім. Бірақ қола жүлде де бұйырмады.
Шаршы алаңда барымды салдым. Бірақ төреші қолымды көтерген жоқ. Төрешілікке қатысты ештеңе айта алмаймын. Мен тек ринг ішіндегі жекпе-жекке жауап беремін.
Қазақ елінің намысын абыроймен қорғай алмадым. Қателіктер кетті. Енді осы кемшіліктермен жұмыс істейміз", - дейді Бибосынов.
Айта кетейік, ерлер арасындағы бокстан жартылай финалға тек бір ғана боксшымыз Нұрбек Оралбай өтті.
-
14 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының жабылу салтанатынан фоторепортаж
-
14 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының жабылу салтанатынан фоторепортаж
-
14 қыркүйек, 2024
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды
-
13 қыркүйек, 2024
Ұлттық құрама еншісінде 144 медаль, оның 44-і алтын