Бүгін Назым Қызайбай ширек финалда күш сынасады Olympic.Kz | Назым Қызайбай

Ол әйелдер арасындағы бокстың 1/4 финалында өнер көрсетеді

Бүгін, 3 тамыз күні қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасы аясында өткізіліп жатқан турнирдің ширек финалында ел намысын қорғайды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі . 

Оның қарсыласы 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін колумбиялық боксшы - Ингрит Валенсия. 

Жекпе-жектің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:50-де басталады. Оны Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.