Жаңа бапкердің ықпалы ма? «Барселона» мадридтік «Реалдан» асып түсті Ашық дереккөзден алынған | ФК «Барселона» | ФК «Реал Мадрид»

Жолдастық кездесудің нәтижесімен таныс болыңыздар

Кеше түнде «Барселона» футбол клубы мадридтік «Реалмен» доп үшін таласқа түсіп,  жолдастық кездесу өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Тартысты ойын каталондықтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. 

«Көк-қызылдардың» атынан қарсылас қақпаға дубль жасаған ойыншы - Пау Виктор. Ол ойынның 42-ші мен 54-ші минуттарында көзге түсті. 

«Реал Мадрид» сапынан ойынның 82-ші минутында Николас Пас нәтиже көрсетті. 
 

Айта кетейік, биылғы маусымда каталондық клубтың бапкері ауысқан болатын. Хави Эрнандестың орынына Ханс-Диттер Флик келді.