Қазақстандық ойыншы аяқ жарақатына байланысты алдағы ойындарға қатыспайды
"Зенит" футбол клубының қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп соңғы командалық жаттығу кезінде аяғын жарақаттап алды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды
Осы себеппен Әліп алдағы 2-3 аптада өтетін ойындарға қатыспайды.
Енді ол жасыл алаңға тек қыркүйек айында ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындары кезінде оралады.