Қазақстан құрамасының жаңа бапкерлік штабында кімдер бар? icehockey.kz. Суретте: бас бапкер Олег Болякин

Ахмет Қанатұлы

5 тамыз, 2024

108

Хоккейден Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы тағайындалды

Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарының финалдық кезеңіне дайындық аясында 14-18 тамыз аралығында Президент кубогына қатысады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құрама команданың қарсыластары ретінде ҚХЛ клубтары «Барыс», «Лада» және «Амур» қатысады.

Турнирге арналған жаттықтырушылар штабы төмендегідей:

Бас жаттықтырушы: Олег Болякин;

Жаттықтырушылар: Георгий Верещагин, Талғат Жайлауов, Павел Бессонов;

Бас менеджер: Александр Корешков.

Еске сала кетейік, іріктеу матчтары 29 тамыздан 1 қыркүйекке дейін Словакияның Братислава қаласында өтеді.