Назым Қызайбай қоржынға қола салды Ашық дереккөзден алынған | Назым Кызайбай

Ол қытайлық боксшы Ву Юге есе жіберді

50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Югеден жеңіліп қалды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Осылайша, Назым Қызайбай өз мансабында тұңғыш рет, өзі қатысқан алғашқы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанып отыр.