Қазақстандық балуан алтын жүлдеге бір қадам жақындады Демеу Жадыраев | Olympic.kz

Демеу Жадыраев Олимпиада ойындарының финалына шықты

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының өкілі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.

77 келі салмақта күш сынасқан Демеу жартылай финалда әзербайжандық Санан Сүлеймановты жеңіп кетті. 

Айта кетейік, Жадыраев ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ақжол Махмұдовтан асып түскен болатын.