Назым Қызайбай жеңіс үшін барын салғанын айтты
Боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалында жеңіліс тауып, қола жүлдегер атанғаннан кейінгі әсерін бөлісті. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
"Ұтуға барымды салдым. Бірақ Қытай қызы барын салды. Қатты ұрамын деп арасында қатып қалдым. Барлық қарсылас бірдей. Қатты ұтқым келді. Алдап кетіп істейін деп едім... Әттеген-ай дейтін тұстарым бар. Алтын медаль алғым келген. Енді не болса да, қолаға шүкір етеміз", – деді Назым Қызайбай.
Айта кетейік, Назым Қызайбай жартылай финалда Қытай спортшысы Ву Юмен кездесіп, 4:1 есебімен есе жіберіп қойған болатын. Нәтижесінде боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?