Ойыншының үйіне тәртіп бұзушылар шабуыл жасаған
Аргентина ұлттық құрамасының ойыншысы мен "Интер Майами" футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси тәртіп бұзушылардың тарапынан шабуылға ұшырады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Le Parisien дереккөзінің хабарлауынша, испандық активистер Ибицадағы Мессидің үйіне қызыл және қара бояу төгіп, "Жер планетасына көмектесейік. Байлардың қалтасынан түк қалдырмайық. Полицияның жолын бөгейік",- деп жазба қалдырған.
Мән-жайлар әлі де анықталуда.