Португалия ұлттық құрамасының капитаны 39-жасар Криштиану Роналду бүгін түнде Францияға қарсы ойын алдында әлеуметтік желіде жеке пікірін білдірді,-деп хабарлайды dopmedia.kz
Бүгін, 5 шілде португалдықтар Еуро-2024 чемпионатының ширек финалында француздармен кездеседі.
Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында футболшы «Біз болдық, бармыз және әрдайым боламыз»,-деп пост жариялады.
Айта кетейік, Португалия-Франция құрамаларының доп додасы бүгін түңгі Астана уақытымен 00:00-де Гамбург қаласында басталады.