«Ақтөбе» жаңа америкалық ойыншымен толықты Ашық дереккөзден алынған / Фредди Гондола

Америка кубогы үшін бақ сынасқан ойыншы КПЛ-ге ауысты

Панама ұлттық құрамасының ойыншысы Фредди Гондола «Ақтөбе» футбол клубының сапында өнер көрсетеді, Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі  "Серый CARDINAL" телеграм-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Фредди Гондола Қазақстанға ұшып келді. Ол ФК "Ақтөбе" сапында өнер көрсетеді. "Атырауға" қарсы ойынға қатыспайды. Ал, "Қайсармен" өткізетін ойында алғашқы дебютін жасауы мүмкін",-деді дереккөз. 

Айта кетейік, Гандола мен қазақстандық клуб 1-1,5 жыл көлемінде келісімшарт жасасты.