Байтананың мансабында үлкен өзгерістер орын алуда kazfootball.kz

Ұлттық құрама ойыншысы маңызды шешім қабылдады

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Байтана мансабын «Жеңіс» футбол клубында жалғастырады,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 
 

«Біз кеше келісімшарт жасастық. Чемпионаттың қиын кезеңінде бізге қолдау білдіріп, көмек көрсететініне сөзсіз сенімдімін. Байтанының келуімен клубқа өзгеріс енетінін жоққа шығару мүмкін емес»,- деді астаналық клубтың жетекшісі Айдын Кожахмет. 

 

Айта кеткйік, 32-жасар ойыншының соңғы өнер көрсеткен клубы ФК «Ақтөбе» болатын. Ол қызыл-ақтардың сапында 15 ойын өткізіп, 1 гол иегері атанды.